06
қыркүйек
2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқыны жолдауы
Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Президент жолдауынан:
- ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
- бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
- ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады;
- әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді;
-қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады;
- биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді;
президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады;
- тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысы көбейеді. Олардың жұмыс жүктемесі де біртіндеп азаяды;
- Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.
- 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады;
- Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалады;
- Мектеп формасы барлық оқушыға барынша қолжетімді болады
- Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру көзделуде