АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ » «№22 Қорқыт ата атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
(8723) 54-06-77
(8707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ
17
қазан
2022

АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ

АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
 ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ

 

        Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26- қыркүйек күні 1-11 сынып ата-аналар комитеті төрайымдары мен Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті.
          Күн тәртібінде
 1. 2022-2023 жаңа оқу жылына қойылатын талаптар, мақсаты мен міндеттері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
 2. 2022-2023 оқу жылындағы бекітілген мектептің ішкі тәртіп ережесі. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.
 3. Ұлттық біріңғай тестілеу 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістері мен қыркүйек айындағы оқушылардан алынған тест нәтижесінің қортындысы.
 4. 2022-2023 оқу жылы басында көрсетілген көмек түрлері туралы есеп.
 5.Әр түрлі мәселелер ( оқушылардың сабаққа қатысуы,мектеп формасы, құқық бұзушылықтың алдын алу )
       Мектеп директоры Клара Ушкемпировна Жанисбаева жиналысты ашып, мақсат және міндеттерімен таныстырып өтті.
     2021-2022 оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен биылғы оқу жылына арналған жоспарлармен таныстырды. Өскелең жас ұрпақты нағыз патриот және білімді етіп тәрбиелеуде ҮШТІК ОДАҚ болып ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
     Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып, сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережесі, кибербуллингтен сақтану, оқушылардың смартфон телефонсыз келуі, балаларды қорғау, құқықбұзушылық, тәрбие мәселелеріне басты назар аудару, білім сапасы және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив