Есжан Майра Базарбекқызы » «№22 Қорқыт ата атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
(8723) 54-06-77
(8707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қазан
2022

Есжан Майра Базарбекқызы

Есжан Майра Базарбекқызы


"HR-Process" жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған. Жүйе конкурстық әдіске негізделеді.
 Осыған сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі тарапынан жаңа жүйеге 2022 жылдың қыркүйек айында ұйымдастырушы педагог мамандығы бойынша бос орын жарияланды.
 Мен, Есжан Майра Базарбекқызы Қызылорда облысындағы Т.Жүргенов атындағы №123 орта мектепті аяқтап, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология мамандығын аяқтап, бос орын бойынша ашық конкурсқа үміткер ретінде қатыстым. Конкурс нәтижесінде ұйымдастырушы педагог маманы бос орнына үміткерлер арасында жоғары ұпаймен жұмысқа қабылдандым.
 Жұмысқа қабылданған күннен бастап мектеп ұжымының қолдауы барысында қызмет атқарудамын. Алдағы қызмет жолымның барысында XXI ғасыр талабына сай лайықты, шығармашылыққа жаны құмар, дарынды, сауатты да саналы жеке тұлға қалыптастыруға үлес қосамын деген сенімдемін.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив