Тарихымыз - «№22 Қорқыт ата атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ https://22.shymkent-mektebi.kz/ ru Тарихымыз - «№22 Қорқыт ата атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ DataLife Engine Мектеп тарихы https://22.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/228-mektep-tarihy.html https://22.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/228-mektep-tarihy.html Мектеп тарихы


     Қорқыт ата атындағы  №22 жалпы орта білім беретін мектебі  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі,  Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы , Асем көшесі ғимарат 1А да орналасқан.

      Шымкент қалалық  атқару комитеті,  депутаттар кеңесінің  1956 жылы   мамыр айындағы №283   шешімімен  қолдануға берілді. 1956, 1958 жылы қосымша ғимараты соғылып іске қосылды. Сол кезде  мектеп   «А.А.Леонов атындағы сегіз жылдық   мектеп» деп аталған.

      « Қорқыт ата атындағы №22 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ретінде №1325 нөмірімен 13.08.2000 ж.Қазақстан Республикасы   Әділет министрлігінде тіркелген. Мектепке  жалпы   негізгі білім беру қызметін жүргізу құқығын айқындайтын Қалалық  білім беру бөлімі 2006  жылғы   АБ сериялы  №0036013 нөмірлі лицензиясы  берілген.

         Шымкент қаласы әкімдігінің  2018 жылғы 3 тамыздағы №81 қаулысы негізінде           « Қорқыт  ата атындағы №22 негізгі орта мектеп» коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі Шымкент қаласының  білім басқармасының  «Қорқыт ата атындағы №22 негізгі орта  мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

         Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі  Білім және ғылым саласын-да  сапаны  қамтамасыз   ету  комитетінің  Шымкент қаласының білім саласында  сапаны қамтамасыз  ету   департаменті мемлекеттік мекемесінің, мектепте  жалпы орта білім беру қызметін  жүргізу   құқығын айқындайтын  2020 жыл 19 қазанда № KZ32LAA00019122  лицензиясы   берілген.

          Мектеп ғимараты типтелген, жобалық  қуаттылығы 250 оқушы орнына  арналған, үш қабатты, Ғимараттың жалпы ауданы, ш.м.- 3751м², Мектеп учаскесінің ауданы-11093м². Мектепте  25 сынып комплектісі бар, онда  509 оқушы қазақ-орыс тілдерінде дәріс алады.Мектеп  екі  ауысымда   жұмыс істейді. 1-ші  ауысымда – 15 сынып, 2-ші ауысымда – 10 сынып. Бір мектепалды даярлық тобында 24 бала дәріс алады.



]]>
admin Fri, 20 Oct 2023 16:40:47 +0600