«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы аясында бүгін Шымкент қалалық ПД қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторлары оқушыларға жол ережелерін түсіндірді. » «№22 Қорқыт ата атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №22 имени Коркыт ата»
управления образования города Шымкент
Контакты телефондары:
(8723) 54-06-77
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » » «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы аясында бүгін Шымкент қалалық ПД қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторлары оқушыларға жол ережелерін түсіндірді.
18
октябрь
2023

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы аясында бүгін Шымкент қалалық ПД қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторлары оқушыларға жол ережелерін түсіндірді.

Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта мектебінің алдымен,  бастауыш сынып оқушыларына жол ережелерін түсіндірген  Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары әсіресе, қауіпті қиылыстарда барынша сақ болуға шақырды.

Жол ережелерінің балаларға барынша түсінікті болуы үшін кітапшалары мен жадынама қағаздары таратылды. Осы орайда, іс-шараға қолдау көрсетіп отырған «Идирис – Сервис» ЖШС мектеп маңайындағы жол белгілерін жаңартып беретіндігін жеткізді.

Март айының 27-нен апрельдің 10-на дейін жалғасатын республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  жоғары сынып оқушыларына жол ережелері, жақында ғана орын алған қайғылы оқиғалардың қалай болғаны жайында айтыла отырып түсіндірілді. Бұл ретте, тәртіп сақшылары  балалардың жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шегуі, жарақат алуының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қатаң сақтауы маңызды екеніне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.  

Жиында жоғары сынып оқушылары өздерінің көкейіндегі сауалдарын  қойып, білмейтін жол белгілерін сұрастырды. Сондай-ақ, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтауға шақырған демеушілер жиын соңында оқушыларға спарттық киімдер мен құрал жабдықтар табыстады.   


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив