Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы , Асем көшесі ғимарат 1А да орналасқан.
Шымкент қалалық атқару комитеті, депутаттар кеңесінің 1956 жылы май айындағы №283 шешімімен қолдануға берілді. 1956, 1958 жылы қосымша ғимараты соғылып іске қосылды. Сол кезде мектеп «А.А.Леонов атындағы сегіз жылдық мектеп» деп аталған.
« Қорқыт ата атындағы №22 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ретінде №1325 нөмірімен 13.08.2000 ж.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген. Мектепке жалпы негізгі білім беру қызметін жүргізу құқығын айқындайтын Қалалық білім беру бөлімі 2006 жылғы АБ сериялы №0036013 нөмірлі лицензиясы берілген.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 августдағы №81 қаулысы негізінде « Қорқыт ата атындағы №22 негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының білім басқармасының «Қорқыт ата атындағы №22 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын-да сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесінің, мектепте жалпы орта білім беру қызметін жүргізу құқығын айқындайтын 2020 жыл 19 октябрьда № KZ32LAA00019122 лицензиясы берілген.
Мектеп ғимараты типтелген, жобалық қуаттылығы 250 оқушы орнына арналған, үш қабатты, Ғимараттың жалпы ауданы, ш.м.- 3751м², Мектеп учаскесінің ауданы-11093м². Мектепте 25 сынып комплектісі бар, онда 509 оқушы қазақ-орыс тілдерінде дәріс алады.Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. 1-ші ауысымда – 15 сынып, 2-ші ауысымда – 10 сынып. Бір мектепалды даярлық тобында 24 бала дәріс алады.