18
қазан
2023
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы аясында бүгін Шымкент қалалық ПД қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторлары оқушыларға жол ережелерін түсіндірді.
Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта мектебінің алдымен, бастауыш сынып оқушыларына жол ережелерін түсіндірген Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары әсіресе, қауіпті қиылыстарда барынша сақ болуға шақырды.
Жол ережелерінің балаларға барынша түсінікті болуы үшін кітапшалары мен жадынама қағаздары таратылды. Осы орайда, іс-шараға қолдау көрсетіп отырған «Идирис – Сервис» ЖШС мектеп маңайындағы жол белгілерін жаңартып беретіндігін жеткізді.
Наурыз айының 27-нен сәуірдің 10-на дейін жалғасатын республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жоғары сынып оқушыларына жол ережелері, жақында ғана орын алған қайғылы оқиғалардың қалай болғаны жайында айтыла отырып түсіндірілді. Бұл ретте, тәртіп сақшылары балалардың жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шегуі, жарақат алуының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қатаң сақтауы маңызды екеніне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Жиында жоғары сынып оқушылары өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, білмейтін жол белгілерін сұрастырды. Сондай-ақ, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтауға шақырған демеушілер жиын соңында оқушыларға спарттық киімдер мен құрал жабдықтар табыстады.